Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен с.о., Қаракеткен с., Абай Құнанбаев көшесі, 28

№ 114 орта мектептің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыстардың атқарылған есебі

Кітапханаға 2021 жылғы оқу жылында  210 оқырман тартылды.Оларға түрлі саладағы кітаптар берілді.Оқырмандарға қызмет көрсетілді. Кітапханаға жаңа әдебиеттер келіп, жүйе бойынша орналастырылды.Өткізілген көпшілік жұмыстарға тоқтала кетсек :

2021-2022 жаңа оқу жылында  таратылған оқулықтарды өңдеу жаңадан келген кітаптарды қазына жүйесіне енгізу.

Мұғалімдерге жаңадан келген,әдістемелік кітаптарға ұсыныс  тізім жасау.Ұстаздық еткен жалықпас тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні .Отбасы күні –кітап журналдар, бірнеше цытаталар мен жазылған көрме ұйымдастырылды.

Кітапханада жұмыстардың барлығы жылдық айлық жоспары бойынша жасалынады.

Кітапханада электронды оқулықтарын мұғалімдер үнемі сабаққа пайдалануда.

«Коворкинг» жобасы бойынша жұмыс жалғасын табуда.Оқушыларға «оқуға құштар мектеп» аясында білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыра отырып,кітаптың адам өмірінде керек екендігін жеткізе отыра оған деген қызығушылығын арттыру, көп оқысаң көп білесің деген ұғымды пайдалану  керек екенін айтамыз.

Кітапхана жаңа әдебиеттер мен, оқулықтармен электронды кітаптармен, және де әдістемелер мен толықтырыла отырады.

Жылдық жоспар,айлық жоспар арқылы түрлі жұмыстар атқарылуда.Уақытылы өткізілген жұмыстарға анықтамалар толтырылады.

Кітапханада әртүрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылуда, белсенді оқырмандар арқылы 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне  көрме жасалды.Еліміздің тұңғыш президенттің кітаптары,цытаталар жазылып қойылды.

Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті.Кітапханада  «Қазақстан тәуелсіздігіне 30-жыл» атты көрме ұйымдастырылды. Барлық жұмыстары фейсбук парақшасында жарияланып отырды.Кітапханада мұғалімдер мен оқушылар  үнемі кітап  белсенділіктерін арттыруда.Сабақтарына көрнекіліктер алады.Оқырмандардың кітапханаға жеке келуі, кітапхана қорын жақсы пайдалану қарқынын көрсетеді.Кітапханада мұғалімдер мен оқушылар арасында үнемі кітап алынып оқылуда.Мұғалімдер сабақтарына қолданылатын материалдар алды. «Оқуға құштар аясында» кітапханада Ыбырай Алтынсаринге көрме ұйымдастырылып, оқушыларға өмірбаянымен,шығармаларымен таныстырылды.4-сынып оқушысы  Темірхан Арайлым            «Кел балалар оқылық»  атты өлеңімен видеоролик шығарылып фейзбук парақшасына жарияланды.Лайк коментария оқырмандардан жазылды.

9-ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының» Хан тәңірі атты көрме ұйымдастырылып,7-сынып оқушысы  Әлібек Аружан  «Отан» деген өлеңін оқып видеоролик шығарылып фейзбук парақшасына жарияланды.Оқуға құштар коворкинг орталығында 8-наураз қарсаңында аналар күніне орай «Бас иемін ана деген тәңірге» атты тақырыбында              4-сынып оқушысы Темірхан Арайлым өлең оқыды.Мектеп кітапханашысы Төремұратова Әсемкүл апайдың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушыларының арасында наурыз мерекесіне орай         «Қош келдің әз наурыз» атты тақырыбында тақпақтар оқылып,видеоролик жасалып Фейсбукке жарияланды.

Мектеп кітапханасының көрнекті жұмысы,Кітапхана көрмесі-арнайы іріктелген және жүйеленген құжаттарды,басқа жәдігерлерді жалпылай көрсету жолымен пайдаланушыларға басылымдар,оқиғалар проблемалар туралы хабарлауды қамтамасыз ететін көрнекі хабарлаудың негізгі нысаны.

Кітапхана көрмелерін дайындау әдістемесі:

1.Тақырып таңдау.Ол тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне байланысты. Көрме оқырмандары қызықтыратын мәселелерге жауап беруі тиіс.

2.Оқырмандық және мақсаттық міндетін анықтау.Көрменің табысты болуы көбіне оның мақсаты мен оқырмандық міндетіндұрыс түсінуге байланысты.

3.Көрменің құрылымын анықтау дегеніміз онда қандай бөлімдердің ұсынылатыны туралы шешім қабылдау.

4.Материалдарды көрмеге дайындау. Көрмеге кітаптан басқа мерзімді басылымдардың мақалалары  мен библиографиялық құралдарды  ұсынуға болады.

5.Көрменің безендірілуі  мен дизайны тұжырымдамасын әзірлеу .Бұл өте маңызды кезең, көрменің тақырыптар мен тиімділігі көбіне  соған байланысты болады.Мәнерлі тақырыптар, бөлімдер, сөздәйктер немесе бөлімдерге қосымша мәтіндер  іріктеліп алынады.

6.Көрмені экспонаттау.Бұл кезең көрмені насихаттауды, яғни оқырмандарды көруге  шақыратын шолулар ,сұхбаттар өткізуді қамтиды.

 

 

Мектеп  кітапханасы: М.Жусупова