https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdbce15fec7f
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Мен зорлық-зомбылықсыз өмірді қалаймын" науқаны аясында футболдан жарыс өткен болатын. #123 және #114 мектептердің 4-5- сыныптар арасында шағын футболдан жолдастық кездесу болып өтті.
Мақсаты:
-Оқушылар арасында футбол ойынын насихаттау;
- Спортшылардың біліктіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу;
- Оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыс қорытындысымен 4- сыныптар бойынша 1- орынды #123 мектеп лицейі, 5-сыныптар бойынша 1-орынды 114 мектеп командасы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразалиев Ерлан ағайға алғысымыз шексіз. Оқушыларға биіктерден көрінуіне тілектеспіз
https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId536f6db78b
Аудан әкімі Асылбек Шаменов өңірдегі дарынды және таланты оқушылармен жүздесті.
Кездесуге Аққұм ауылының тумасы, Тұран" университетінің профессоры, "Кино өнері" кафедрасының меңгерушісі, кинотанушы, өнертану PhD докторы Гүлзат Көбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов және республикалық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, ғылыми жоба жарыстарының, өнер байқауларының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысты.
Сол кездесуде біздің мектептің оқушылары Әлібек Мадина және Қартбай Мейіржан болды.
Кездесу барысында аудан әкімі инновациялық бағытта үздік оқушылардың жасаған жұмысымен танысып, жастардың бастамаларын әрдайым қолдайтынын жеткізді.
Түрлі додаларда топ жарып жүрген жас дарындармен кездескен аудан әкімі келелі әңгіме өрбіген мазмұнды кездесуде талапты өрендерге алғысын білдірді.
Кездесуге қатысқан дарынды оқушылар әуелете ән шырқап, домбырада терме айтып, сондай-ақ, өздерінің толағай табыстары мен жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Кездесу соңында, ауданымыздың дарынды жастары аудан әкімінің алғыс хатымен және арнайы сыйлықтармен марпатталды.
https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdcaf9fc518f
114 орта мектебінің 7-сынып оқушылары қысқы каникул жоспарына сәйкес демалыс уакытын тиімді пайдалану мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыруда. Дайындықтың нәтижесін де көрсетіп, аудандық 5-7 сыныптар ұлдар арасында баскетболдан ІІ орын иеленді. Үйірме жетекшісі Оразалиев Нұрлан ағайға мың алғыс!!! Сынып жетекшісі Жалғасбаева Ғалия
https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId50b3b97ff2
2021 жылғы 27 желтоқсанда Қызылорда қаласы Т. Есетов атындағы мектеп лецейінде облыстық «Жас Ұлан» ұйымының «Ұланымыз Ұлы Елдің» ІХ облыстық слеті өткізілді. Слетке әр ауданнан делегация қатысты. Делегация құрамында: ұланбасылар, жоба үздіктері, тәлімгерлер, атқарушы хатшылвр қатысты. Облыстық слет барысында өткен оқу жылы бойынша жобалвр қортындыланып, үздіктер анықталды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушылар жас ұлан қатарынв қабылданып, көшбасшылар арналған тренингтер ұйымдастырылды.
Бүгінгі шара өте жоғары деңгейде аталып өтті. Ұйымдастырушы облыстық «Жас Ұлан» ұйымының атқарушы хатшысы Гүлайым Ақмырзаеваға шексіз алғысымды білдіремін!
Қорыта айтқанда №114 орта мектептің 10- сынып оқушысы Мақсұт Нұрай «Таза әлем» жобасының үздігі болып марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!
https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdaaabf6bb49
Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2021жылдың қорытындысы бойынша "Үздік спорт ұйымдастырушы-2021" номинациясымен N114 орта мектептің басшысы Мира Тыныбекқызы ,сонымен қатар ұжым мүшелері Сейтенова Сафура апай бесасықтан ҚР чемпионы,Қалмаханова Роза апай суға жүзу, жүгіруден облыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, тоғызқұмалақтан ҚР чемпиондарын, спорттың барлық түрлерінен оқушылар тәрбиелеп жүрген Абызов Данияр ағай марапатталды. Салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеп жүрген Мира апай бастаған ұжымға алғысымызды білдіреміз. Биік белестерді бағындыра беріңіздер! Жаңа жылда отбасыларыңызға амандық,бақыт тілейміз!
https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeIdc79bc5cd2d
Аудандық ерекше білім беруді қажет ететін орталықтың ұйымдастыруымен "Аяз атаға хат" атты әдеби байқауға өз шығармашылығы мен белсене қатысып,ерекше көзге түскен 1-сынып оқушысы Серік Еңлік 2- орынмен, жетекшісі: Жаңабергенова Алтын апай және Алғыс хатпен 2-сынып оқушысы Болат Мирас,жетекшісі Тогысбаева Гүлжайна апай, 4-сынып оқушысы Мақсұт Нұрай,жетекшісі Күзембеава Айнұр апай, 5-сынып оқушысы Сансызбай Асхат,жетекшісі Есқалиева Гүлзат апайлар марапатталды.
Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз. Жұмыста табысты болыңыздар.
https://mektep-114.edu.kz/kz/mektep-zhetistikteri.html#sigFreeId745cdfffea






