Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен с.о., Қаракеткен с., Абай Құнанбаев көшесі, 28
Бүгін 12.01.2023 ж. күні Жалағаш аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №114 орта мектепте "Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-практикум болып өтті. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Л.Қанатбаева және аудан мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасына сәйкес №114 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Тілеуова 8 сыныпта "Урок подготовки к олимпиаде по русскому языку и литературе" тақырыбында, М.Нұржанова «Волшебный мир искусства-театр» тақырыбында, М.Қиланова «Вечный спутник существительного» тақырыбында ашық сабақтар өтсе, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Маханбетова коучинг өткізді. Семинар соңында «Абай и Пушкин – два светила» Проект «Школьный театр»: Пушкин. «Сказка о рыбаке и рыбке» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өткізіліп, семинарды білім бөлімінің әдіскері Л.Қанатбаева қорытындылады.

Отбасы күніне орай 2"а"сынып жетекшісі Меңбаева Гүлшат пен 2"б"сынып жетекшісі Елеуова Майраның ұйымдастыруымен "Бақыттымыз біргеміз" тақырыбында спорттық эстафеталық жарыс өткізді. Эстафеталық жарысқа Ахметов, Ізбасханов, Ермекбаев, Әбеновтар отбасы қатысты. Нәтижесінде мектеп директоры Мира Жусупова Тыныбекқызы Ізбасхановтар отбасы бас жүлде, Әбеновтар отбасы 1-орын, Ахметовтар отбасы 2-орын, Ермекбаевтар отбасы 3-орынмен марапаттап, сыйлықтар үлестірілді.

Бүгін мектебімізде "Жомарттық мекені" тақырыбында қайырымдылық акциясы және "Жылы жүрек-жомарт қол" қолөнер туындыларынан сыйлықтар жасау жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: балалардың санасына қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру және бауырмалдыққа баулу.


N114 орта мектептің 5-сынып оқушысы Рысбай Айаруды "Жарқыра,жайна жаңа жыл Тәуелсіз қазақ елінде" атты Президент шыршасымен Аяз ата мен Ақшақар келіп құттықтады.ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының және облыс әкімі Гүлшара Наушақызының атынан құттықтау хатын ауыл әкімі Әділ Тоқтарұлы жаңа жыл мерекесімен құттықтап табыстады.

Мектептің үздік оқушысы Рысбай Айаруға планшет,модем,кітап,тәттілер және жұмсақ ойыншық табыстады. Рысбай Айару өз алғысын білдірді.


№114 орта мектепте 27- желтоқсан күні «Мамандық таңдау - ертеңді ойлау!» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: мектеп бітірушілерді болашақ мамандық дайындауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт - бағдар беру. Былтырғы мектеп бітіруші түлектеріміз қонақ болып келіп, 8-11- сынып оқушылары ойларында жүрген сұрақтарға жауап алып, сыр - сұхбат жүргізілді