Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен с.о., Қаракеткен с., Абай Құнанбаев көшесі, 28
Көктемгі каникул уақытында оқушылар ауылымыздың тұрғыны білікті дәрігер, медицина саласының ардагері, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі - Абызов Әлібек ағаймен 9-10 сынып оқушылары арасында кездесу болды. Кез-келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүректер қайта соғып, үзілген үміттер қайта жалғанады. Әр адамның жанына -дауа, тәніне -шипа болып, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғысын арқалаған ақ халатты абзал жан иесі- Абызов Әлібек Абызұлының еңбегі ұшан теңіз. Өзінің қарапайымдылығымен, мейірімділігімен оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, еңбек жолындағы қиын да қызықты сәттерімен бөлісті. Алтын уақытын оқушылыр үшін бөліп келген Әлібек ағайымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.